ОРАЛДА ТАҒЫ 10 НЫСАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ
Орал қаласындағы нысандарда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша жүргізілген тексеру бойынша тағы 10 нысанның қызметі тоқтатылды. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ықсанов көшесі, 87 мекенжайындағы «Фруктовый сад», М.Мәметова көшесі, 52 мекенжайындағы «Chaplin», «Альрамин» жарық шамдары дүкені, Назарбаев даңғылындағы «Рахат» асханасы, Әбілқайыр хан даңғылындағы «Gyros» тез тамақтану кафесі, Астана шағынауданы, 6 мекенжайы бойынша «Blade» barbershop, Гагарин көшесі, 36/1 мекенжайындағы «Керуен» дүкенінің екі бөлімшесі, «Мир дверей» дүкені және Д.Нұрпейісова көшесі 14/1 мекенжайында орналасқан «Мир обуви» дүкендері бойынша ҚР бас мемлкеттік санитар-дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптардың сақталмауы анықталды. Дәлірек айтқанда, көптеген бұзушылықтар азық-түліктердің оралмаған күйде сатылуы, адамдардың көп жиналуы, дезинфекциялық заттардың, келушілердің қолдарын өңдеуге арналған антисептиктер қорының болмауына байланысты болған. Сондай-ақ бірқатар нысандардың қызеткерлері маскасыз, қолғапсыз жұмыс жасаған. Ал кейбір нысандарда қызметкерлердің жұмысқа кірісер алдында денсаулығы мен дене қызуының көрсеткіші жазылатын журнал болмаған.
Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау басқармасының ұсынысы бойынша бұл нысандар анықталған бұзушылықтарды жойған соң, қызметтерін жалғастыра алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін санитарлық ережелерді сақтамаған 11 нысанның қызметі тоқтатылғанын хабарлаған едік.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу