8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2020 1839 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Нұралиев Айдар Аллабергенұлы тағайындалды. Бұл туралы БҚО әкімінің  баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұралиев Айдар Аллабергенұлы – 1986 жылы туған. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2015 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Лондонның Университет колледжін, Женева бизнес мектебін «халықаралық құқық», «құқықтану», «жобаны және корпоративтік басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Ағылшын тілін еркін меңгерген, іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

 Әр жылдары:

–        БҚО аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бақылау жөніндегі жетекші маманы;

–        ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі халықаралық қатынастар департаменті Рейтингтік агенттіктермен және халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара іс-қимыл басқармасының сарапшысы;

–        ҚР Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы;

–        БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары;

–        ҚР Қаржы Министрлігінің Халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің директорының орынбасары;

–        Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;

2020 жылдан бастап ҚР Энергетика министрлігі стратегиялық және ақпараттық даму департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ол қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Айта кетейік, бұған дейін осы салаға жетекшілік еткен Бибігүл Қонысбаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»