8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Маусым 2020 3644 0
Қоғам

ОРАЛДА «ОТБАСЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қаласында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау көрсетуге арналған «Отбасы» орталығы ашылды.

Орал қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жанынан ашылған «Отбасы» орталығы Хамит Чурин көшесі 121 мекенжайында орналасқан. Бұл орталық ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік жағынан осал отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың экономикалық дербестігіне және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсету мақсатында жұмыс жасамақ. Бұл ретте «Бір терезе» қағидасы бойынша құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру, бизнеске баулу бағытында көмек көрсетіледі деп күтілуде. Орталықтың ашылуына қатысқан Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков жаңа орталықтың маңызын айқындап өтті.

–  Еңбек еткен адамның болашақта зор мүмкіндіктерге ие болатыны анық. Азаматтардың өз кәсібін ашуына жол көрсету, отбасындағы мәселелердің шешілуіне  қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері туралы кеңес беру – орталықтың басты міндеттерінің бірі саналады. Бұл орталықтың ашылуы көптен жоспарымызда болған. Ең бастысы жұртшылық үшін  қолайлы орын табуды көздедік. Міне, қаланың орталығында және балалар шығармашылығы орталығы жанынан арнайы ғимарат алып, жөндеуден өткізіп, келушілер үшін ыңғайлы, жайлы орын ұйымдастырдық, – деген Абат Абайұлы жаңа мекеменің  отбасылардың әлеуетін нығайтуына септігін тигізер орын болуын тіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»