БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ТОҒЫЗ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ
22 маусым күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен өңірдегі мердігерлермен атқарылатын жұмыстардың сапасына қатысты кездесу өтті. Кездесу барысында БҚО әкімі Ғ.Н.Есқалиев және БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін өздерінің жеке WhatsApp нөмірлерін мердігер компанияларға қалдырды.

Шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев, облыс әкімінің орынбасары Т.Ә.Шәкімов, Орал қаласының әкімі А.А.Шыныбеков, облыстағы мердігер компаниялар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев «Өңірдегі мердігер компаниялармен атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру, «Құрылыс саласының интерактивті картасы» жобасы, облыстағы лабораториялардың жұмыстарының тиімділігін қайта қарау, құрылыс нысандарының сапасын қадағалайтын арнайы жұмыс тобын» құруды тапсырды.
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев Мемлекеттік сатып алу саласы бүгінгі күні жемқорлыққа ең бейім салалардың бірі екенін атап өтті. Биылғы жылы осы салада 9 қылмыстық іс тіркелген. Ал, 2019-2020 жылдары аралығында 3 адам сотталған.
– Соңғы бес жылдың өзінде республикалық бюджетке сәйкес автомобиль жолдарын салуға, қайта құруға және күтіп ұстауға шамамен 1,8 трлн. теңге бөлінген. Алайда, сапасыз жолдар салынып, қоғамның наразылығы тудыруда. Бюджет қаражаты жымқырылып, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда. Бұл жағдайлардың алдын алу мақсатында Агенттік бастамасымен «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі тұжырымдамасы жол сапасы мен құрылысы материалдарын сараптау кезінде азаматтық қоғамды тарта отырып, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, – деп атап өтті Рустам Сапарбекұлы.
Сонымен қатар, облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев және БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев мердігер компаниялар мен мемлекеттік сатып алудың басқа да қатысушыларын әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өздерінің жеке WhatsApp нөмірлеріне лезде хабарлама жіберуге шақырды.

Шара соңында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев өңірдегі мердігер компаниялардан жұмыстарын сапалы орындауларын талап етіп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге шақырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу