8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2020 1289 0
Өзек

ОРАЛДА ПӘТЕРЛЕРГЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Орал қаласы Полиция басқармасы мен Абай Полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімінің кәсіби шеберлігі шыңдалған жедел уәкілдері мен жедел криминалистік бөлімінің еңбек өтілі мол қызметкерлері бірлесіп, 20 күн бойы Орал қаласында пәтер ұрлаған қылмыстық топты ұстады.

Олар 20 күн ішінде төрт пәтерді тонап үлгерген. Қылмыстық топ құрамындағы 2 жігіт әр пәтерге үй иелері қызметте болған уақыттарды пайдаланып, яғни күндіз ұрлыққа түскен. Әсіресе, 4 ықшам ауданы, «Строитель» ықшам ауданы, Мұхит көшесіндегі жәйлі пәтерлі үйлердің есіктеріне кілттерді үйлестіріп ашу арқылы ішке кірген. Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің  мәліметінше, көп ретте үй ішінен ақша мен алтын бұйымдарды іздеп, әр пәтердің астан-кестеңін шығарып кеткен.

Нақтырақ айтқанда, 16 маусымда таңертеңгі сағат 08.00 мен кешкі сағат 20.00 аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы бір жәйлі пәтердің есігіне кілттерді үйлестіре ашып, ұйден 100 мың теңге, алтын сырға, алтын сақина, алтын неке сақинасы, 2 алтын алқа, күміс сақина, алтын жалатылған күміс сақина сынды зергерлік бұйымдарды алған. 1965 жылғы осы үй иесіне 720 мың теңге шығын келді.

Осы топ 15 маусымда түскі дейін аралықта Мұхит көшесіндегі бір жәйлі пәтерге еніп, ер адамның алтын сақинасын, ер адамның алтын сағатын және алтын сақина ұрлаған. 1964 жылғы бұл пәтер иесіне де 630 мың теңге материалдық шығын келді.

Ал 4 ықшам аудандағы  бір пәтерден  12 мың теңге ғана тапқан. Іле шала жасырынған. Одан соң  «Евразия» даңғылындағы пәтерге ұрлыққа түсіп, 12 түрлі алтын бұйымды сыпырып кеткен. 1985 жылғы Е. есімді азаматшаға 325 мың теңге шығын келді.

Криминалистер пәтерлердің есік терезе жақтауларында қалған саусақ іздерін алып, зерделегенде күдіктілер туралы мәліметтер шыға бастаған.Олардың бірі Атырау қаласының, екіншісі Орал қаласының тұрғыны екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны полиция қызметкерлеріне мәлім болды. Тергеу алды барысында күдіктілердің бұған дейін де дәл осындай қылмыстар жасап, істі болғандары анықталды.  Сараптама нәтижесіне сай күдікті тұлғалар деп жедел уәкілдер басқармаға жеткізгенде, олар ұрлық жасағандарын толық мойындаған.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтер ұрлығының ашылуына Орал қаласы ПБ жедел криминалистік бөлімінің аға криминалисі полиция майоры Эльдар Вахитовтың еңбегі зор.  Осылайша 20 күн ішінде 4 пәтерді тонаған қылмыстық топ ұсталды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлімімен іс қозғалды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»