МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ
23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері мемлекеттік қызмет саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру, барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін жоғарғы деңгейде арттыру қажеттігін атап өткен болатын. Өйткені елеміздің өркендеуі мен дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, патриоттық сезіміне және білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер болса, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен биік беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты, қос ұғым екені айдан анық. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір ант қабылдаған мемлекеттік қызметші осы қағиданы берік ұстанып, ұмытпауы тиіс. Ел игілігі үшін халық қамын ойлап, кез келген жағдайда елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.
Мемлекеттік қызмет жұмысының тиімділігі әрбір мемлекеттік қызметшіге, оның тәжірибесі, ұқыптылығы, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Әрқашан халықтың мемлекеттік қызметкерлерден кәсібилікті, жоғары деңгейдегі адамгершілікті, отансүйгіштікті, заңдылықты мүлтіксіз сақтауды күтетінін есте сақтауымыз керек. Себебі қарапайым халық шенеуніктен қолдау күтеді, әділдік іздейді
Сонымен қатар қай кезде де адамды адам ететін адал еңбектің құндылығы жоғалмауы тиіс. «Ұлық болсаң, кішік бол» демеуші ме еді халық. Бүгін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында елімізің сот жүйесінің дамуына, халықтың сотқа деген сенімінінің артуына үлес қосып, мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосқан зор үлестері үшін ведомстволық марапаттар, сондай-ақ, құрмет грамоталар және алғыс хаттарға ие болып, 10 жылдан көп адал еңбек атқарып келе жатқан әріптестерімді атап өткен жөн көрдім. Г. К. Бекқалиева, Н. М. Құрманғалиева, Г. М. Давлетова, П. М. Таялиева, Ж. Ж. Рахметова. Бірі үздік сот мәжілісінің хатшысы болса, бірі шығыс хаттарды қадағалайды, ал бірі қорытынды есепті санаулы уақытта шығарып берсе, бірі азаматтық істерді сақтау және жою мерзімінің ережелерін жатқа білетін маман, яғни өз істерінің шеберлері және азаматтық ұстанымына адал жандар.
Ел игілігі жолындағы қызметімізге жетістік, отбасыларымызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріміз жемісті болсын!
Фазиля Мұратқызы Танатова, Орал қаласының №2 сотынының кеңсе меңгерушісі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу