АЙШЫҚТЫ ЕҢБЕГІМЕН ДАРАЛАНҒАН
23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ
Мемлекеттің идеясын да, саясатын да іске асыратын мемлекеттік қызметкер. Өзінің аты айтып тұрғандай, мемлекет мүддесі жолында тер төгіп жүрген қадірлі жандардың еліміздің өркендеуіне қосып келе жатқан еңбегі орасан. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өңірде 4000-дай мемлекеттік қызметкер бар. Солардың бірі – мемлекеттік қызмет саласындағы 35 жылдық еңбек тәжірибесінде турашылдық, тиянақтылық, халыққа адал қызмет ету принциптерін ұстанып келе жатқан БҚО Әділет департаменті әкімшілік бөлімінің басшысы Әлия Қарекесова.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында білімі мен білігін мемлекеттік қызметке арнаған Әлия Рахымқызымен арнайы тілдесіп, жауапкершілігі зор, мәртебелі қызметі туралы сөз қозғадық. Кейіпкеріміз 1962 жылы сол кездегі Жәнібек ауданының орталығы Жәнібек селосында дүниеге келген. 1969 жылы Бөкейорда ауданының Бисен совхозындағы мектептің табалдырығын аттап, 1979 жылы үздік бағамен аяқтап шықты. 1979 жылы республикадағы білім ордаларының биік шаңырағы саналатын Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (ҚАЗМУ) заң факультетіне оқуға түсіп, 1984 жылы заңгер-құқықтанушы мамандығын алып шықты.
– Әрқашан бірінші кезекте ата-анамның бір сөзбен ғана жеткізуге болмайтын үлкен тәрбиесі, өскен ортам мен үшін өте қымбат. Жан әкем Рахым Қарекесов ірі мал шаруашылығымен айналысқан. Бисен совхозында ұзақ жылдар бойы совхоздың директоры болды. Анам ұстаздық етті, қазір зейнеткерлік демалыста. Әкем фермаларды, егістіктерді аралаған кезде мені бірге ілестіріп жүретін. Кішкентай болсам да жұмысшылардың еңбекке деген риясыз адал құлшыныстарын, адамгершіліктерін, басшыларға деген сенімдерін сөйлескендерінен байқап, көріп өстім. Халықты сыйлау, қарапайым болу, мақтанбау, әдепті болу – әкемнен үйренген қасиеттерімнің бірі. Бала кезімде елде, әкемнің шаңырағында болған атақты тұлғалар, ақын жазушылар, өнер саңлақтары бәрі есімде. 1969 жылы мен мектепке алғаш барар кезде Бисен еліне атақты ақын Сағынғали Сейітов ағамыз келген еді. Сол кезде маған:
«Білім жолын аттаған,
Әліппені жаттаған,
Айналайын, адам бол,
Ана сүтін ақтаған», – деп бір шумақ өлең арнап, кітабын беріп кеткен болатын. Он жылдан кейін 1979 жылы Алматыға оқуға түсер алдында ҚазМУ-дің бас оқу корпусының жанында кездейсоқ Сағынғали Сейітов ағамызбен кездестім. Бұл жолы да ағамыз оқуға түсіп кетуіме сәттілік тілеп, ақ тілегін білдірді, – деген Әлия Рахымқызы бала кезден ата-ана тәрбиесінің, игі жақсылардың берген батасының өміріне оң әсерін тигізгенін жеткізді.
Әлия Рахымқызы оқуды бітірген жылы Орал облысының халық депутаттары атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне қабылданып, алғашқы еңбек жолын осы саладан бастады. Ал 1996 жылы Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне қызметке тұрған. Міне, сол кезеңнен бері табан аудармастан, мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау органында еңбек етіп, Әділет департаментінің имиджін көтеруге, дамытуға үлес қосып келеді…

Эльмира НҰҒМАНОВА
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 18 маусымдағы №23 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу