АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН ЖАН
БҮГІН – МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік жолды таңдауға кез келгеннің жүрегі дауаламайды. Себебі медицина мықтылықты талап етеді. Қан мен тер төгілген көріністі күнде көру, көмек сұрап келген әр жанға көңіл бөлу, сырқат толық сауыққанша бірге болу – дәрігердің өмірлік міндеті. Осы жолда сынбай, тынбай жемісті еңбек жолын жалғастырып келе жатқан абзал жан, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі – Гүлара Рахымқызы Омарова.

Адалдық
Г.Рахымқызының рақымын көрген кісілер өте көп. Сонау Жәнібектегі жылдардан бастап жұртшылық жақсы естелік қылып жеткізеді. Жылы жүзі жанды, алтын қолы тәнді емдеген маманның медицина саласында жүргеніне биыл 33 жыл толып отыр.
Гүлара Омарова 1988 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, педиатр мамандығын алып шығады. Кейін еңбек жолына ауылдық округтерден адымдайды. 1988 жылы Жәнібек ауданында – балалар дәрігері, 1989 жылы Теректіде – педиатр, кейін бас педиатр, 1999 жылы Федоровка елдімекенінде отбасылық дәрігер амбулаториясында директор қызметтерін атқарады. 2002 жылы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы, 2010 жылы №1 қалалық емхана директорының орынбасары, 2011 жылы облыстық кардиологиялық орталық директорының орынбасары болып тағайындалады. 2014 жылы №5 қалалық емханада емделушілермен қызмет және ішкі аудит қызметінің меңгерушісі болып жұмыс жасаса, 2017 жылдан бері аталмыш емханада медициналық қызмет көрсетудің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары лауазымына бекітілді.
Жазуға да, айтуға да оңай көрінгенімен, бұл сандардың әрбірі сөйлері анық…
Гүлмиа ТІЛЕУБАЕВА,
журналист
Орал қаласы
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 18 маусымдағы №23 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу