ТЕРРОРИЗМ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАР БЕРГЕН ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ СОТТАЛДЫ
Сот үкімі 16 маусым күні шықты.

25 ақпан күні полицияға қаладағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланған. Ақпарат бойынша Полиция басқармасы мен Полиция департаментінің барлық шұғыл қызметі мен жедел топтары оқиға орнына жіберіліп, сауда-ойын орталығы қоршауға алынды, орталықта болған барлық адамдар эвакуацияланды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде сауда-ойы-сауық орталығынан жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Яғни, шақырту туралы хабарлама жалған болып шықты.
Хабарласқан абоненттің 1989 жылғы ер азамат екені анықталды. Сол күні-ақ факті сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге енгізіліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-ші «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру» бабы бойынша іс қозғалды.
Қылмыстық іс материалдары бойынша сотталушы алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде Орал қаласы полиция басқармасының «102» жедел басқару орталығына хабарласып, Еуразия даңғылы бойындағы «City center» сауда және ойын-сауық орталығына бомба қойылғанын айтқан. сотқа дейінгі тергеу кезінде және сот отырысында ер азамат өз кінәсін толық мойындады.
Орал қалалық сотының 2020 жылғы 16 маусымдағы үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Осы орайда Орал қаласы Полиция басқармасының экстремизимге қарсы іс-қимыл тобы азаматтарды ойланбай әрекет етуден сақтану қажеттігін ескертеді. Алдымен әр әрекеттің салдары және жазасыз қалмайтынын есте ұстау қажет. Мұндай әрекет қылмыстық жауапқа тартылуға және оқиға орнына жедел қызмет пен топтарды шақырғаны үшін толық шығынды өтеуге алып келеді. Қылмыстық кодексте бұл ретте бес мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы уақытқа бас бостандығынан айыру санкциясы көрсетілген.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу