8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2020 1335 0
Қоғам

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі колледж ұстаздарына арналған онлайн-дәрістер өткізуде

2020 жылдың 16 маусым күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұстаздарына «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Дәріс барысында Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар, онлайн-дәріс барысында Қазақстан Республикасының 2019 жылдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасы таныстырылды.

Колледж ұстаздары үшін онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»