8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Маусым 2020 1094 0
Қоғам

ОРАЛДА ЖОҒАЛҒАН КӨЛІК АТЫРАУДАН ТАБЫЛДЫ

6 маусымда кешкі сағат 22.00-де 1992 жылғы Х. есімді азамат «Зачаганск» ауданындағы «Аурис» дүкенінің алдына жеке көлігін қояды. Келесі күні таңертеңгілік осы орынға келгенде көлігінің жоқ екенін көріп, «102»-ге телефон соғып, көлігін белгісіз біреудің айдап кеткенін баяндаған.

Оқиға орнына барған Шаған Пб жедел тергеу тобы «ВАЗ-2114» көліктің қуылып айдалғанын тіркеді. Шаған Пб дереу іздестіру іс-шараларын қолға алып, көлікті жұмыла іздеуге кірісті. Полиция қызметкерлеріне жеткен ақпарат бойынша Атырау облысы төңірегінде табылған көліктің түр түсі, жалпы сипаттамасы Оралда жоғалған көлікке ұқсас болып шықты. Көп ұзатпай, Шаған Пб басшылары шағандық жедел уәкіл мен криминалисін іс сапармен Атырау облысына жібереді. Бұндағы мақсат- көлікті тауып, қуып кеткен тұлғаны анықтау ғана. Осы фактіні ілезде ашу мақсатында Шаған Пб жедел уәкілі мен Абай Пб жедел криминалистік бөлімінің техник-криминалисі полиция старшинасы Эридат Курманғалиев жұмыстанды. Көлік есіктеріндегі, терезеде қалған алақан мен саусақ іздерін алып, көлікті Орал қаласына жеткізді. Алынған 1 алақан мен 1 терезеде қалған саусақ іздерін басқармадағы базаға салып, тиянақты тексереді. Нәтижесінде техник- криминалист Эридат Еркінұлының 2 жерден алған саусақ іздері бойынша жұмыстанған шағандық жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. 1991 жылғы Орал қаласының тұрғыны, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді жігіт «Аурис» дүкені алдында тұрған көлікті бактағы жанар-жағар майы таусылғанша қуып айдап, бензині таусылған соң Атырау облысы, Индер ауданына тастап кеткенін жеткізді. Кілті жоқ көлікті қалайша тұтатып айдап кеткен деген сұраққа, мүдірместен сымдарын жалғап, тұтатып алып қуып кеткенін айтып, баяндады. Тәртіп сақшылары көлік айдағыш күдіктінің бұған дейін кісі тонап, бұзақылық жасағаны, ұрлыққа жол бергені үшін істі болғанын анықтады.
Осылайша, 2 күн ішінде криминалистің кәсіби шеберлігі, саусақ іздерімен анықтауы нәтижесінде Оралдың көлігі Атырау облысынан табылды. Бүгінгі күні полиция қызметкерлері көлікті иесіне қайтарып берді. Алдағы күндері көлік айдап кеткен жігіт тағы да заң алдында жауапталатын болады.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»