8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2020 2020 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Орал қаласы әкімінің бастамасымен дайындалған «Орал даму жолында» геоақпараттық порталы 12 маусым  күні «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы отырысында таныстырылды.  

uralsk.smartmap.kz сайтына ену арқылы  порталдан  құрылыс, тұрғын үйлердің жаңғыртылуы және басқа да қаланың дамуына қатысты ақпараттармен танысуға мүмкіндік бар.  Яғни, порталда әр бағыт бойынша кейінгі үш жылдағы ақпараттар мен алдағы үш жыл бойынша даму жоспары бар.  Мәселен, үй кезегінде тұрған азаматтар геоақпараттық порталдағы құрылыс бөліміне өту арқылы, биыл және алдағы үш жылда қанша үй, оның ішінде қанша  пәтер берілетінін және жаңа тұрғын үйлер қай ауданда салынып жатқанын, ол үйдің құрылысын жүрізіп жатқан мердігер туралы ақпаратты, құрылыстың тапсырылу уақытын және үйдің сызбасын көре алады.

Сондай-ақ бұл жүйде абаттандыру саласындағы жұмыстар, жол және жолдардың жөнделуі, әлеуеттік нысандар, инженерлік желілер, нвестициялық нысандардың жаңартылуы, жөнделі туралы ақпарат толықтай көрініс тапқан. Әр бөлімді басу арқылы жасалған немесе жасалатын жұмыстармен толық танысып, эскиздік үлгісін де көруге  болады.

Геоақпараттық порталда қалалық мәслихат депуттарының сайлау округтері туралы мәлімет те бар. Сондай-ақ тұрғындарға сауалдары немесе өтініштерін қалдыруы үшін кері байланыс жасау тетігі ескерілген.

Портал жүйелі түрде жаңғыртылып, толықтырылатын болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
216 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»