ЖОБАДА ЖОҚ ЖОЛМЕН ЖҮРУ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА ӘКЕЛДІ
10 маусым күні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен, АМТ, қоғам және БАҚ-пен бірлесіп, Үлкен Шаған-Переметное 32-42 шақырымына мониторинг жүргізді. Бұл аралықта жол жөндеу жұмысын «АСФА»ЖШС мердігерлік компаниясы жүргізуде.

Жолдың жүру бөлігінің геометриялық параметрлеріне (енін өлшеу, қалыңдығын анықтау және сараптау үшін А/б жабыннан керндерді іріктеу), а/б жабындылардың мониторингі жүргізілді, қиыршық тас сынамалары, сондай-ақ бетон жабындысының жоғарғы қабатының ені жоба талаптарына сәйкестігіне іріктелді.
Іріктелген керндер бойынша сынақтар жүргізілетін болады.
Мониторинг кезінде жолдарды орташа жөндеу уақытында автокөлік құралдарын жүруі қарастырылмағаны анықталды. Жолды жөндеу бір қозғалыс жолағын жабумен жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген объектіде (орташа жөндеу) жолдың екі жағы да жабылып, ал автомобильдердің өтуі үшін айналма жол салынған, ол жүргізушілер үшін айтарлықтай қолайсыздық туғызады. Бұл жол ұзақ жаңбырдан кейін жол жүру үшін жарамсыз болып шықты және лас және балшық жолдың нәтижесінде көз алдымызда жол-көлік оқиғасы болды.
Мамандардың айтуынша, айналып өту жолдары күрделі жөндеу кезінде ғана көзделеді.
Аталған ескертулер бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК облыстық филиалы тапсырыс берушіге тиісті хат жібереді.
Осы жобаның міндеттерінің бірі қоғам мүшелерімен белсенді азаматтық ұстанымы бар өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу