8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2020 1488 0
Қоғам

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР – ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ НАЗАРЫНДА

4 маусым күні «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Бәйтерек ауданының Махамбет ауылдық округінде азаматтарды қабылдау мен мониторинг жүргізілді.

Шараға «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі Ә.Салиева, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары М.Залмұқанов, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі Ә.Салиева ауыл тұрғындарын аталған әлеуметтік мәселелерді сабырмен шешуге, тұрақтылық пен ауызбіршілікті сақтауға шақырды.

Жергілікті тұрғындар газдандыру, ауыз су, спорттық алаңдар, жол мәселелері, мал жайылымына жер мен судың жетіспеушілігі мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары 2017 жылы балаларға арналған ойын алаңын салуға 1 270 000 теңге көлемінде қаражат бөлінгенімен, алайда мердігер компанияның ойын алаңының құрылысын әлі күнге дейін аяқталмағандығын шағымданды.

Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары М.Залмұқанов ауылдағы балаларға арналған ойын алаңы құрылысы мәселесінің шешілмегендігін атап өтіп, халыққа қажетті әлеуметтік мәселелердің шешілетіндігін, ауылдық округтегі проблемаларды шешуге сметалық құжаттар жасақталып, алдағы уақытта облыстық бюджеттен қаражаттың қарастырылатындығына тоқталды.

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет аталған мониторинг «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы аясында жүргізіліп жатырғандығын, оның негізгі мақсаты – тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты жоюмен қатар, халыққа қолайлы жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
128 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
227 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
206 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»