8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Маусым 2020 1508 0
Қоғам

САЯБАҚТА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАҒАН

4 маусымнан бастап Орал қаласындағы қалалық мәдениет және демалыс саябағы уақытша жабылмақ. Себебін қала әкімдігі түсіндірді.

 

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 мамырда Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков және Орал қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Мәдениет Танауов Мәдениет және демалыс саябағы арендаторларымен кездесу өткізген. Кездесуде карантин жағдайында санитарлық талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді және егер санитарлық талаптар орындалмаған жағдайда тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында саябақты уақытша жауып тастауы мүмкін екені ескертілген.

Алайда, мониторинг тобының бүгінгі рейдінің нәтижесі бойынша саябақта жұмыс істейтін арендаторлардың тиісті санитарлық талаптарды сақтамағаны, медициналық бетперде тақпағаны және кәсіпкерлік нысанда дезинфекциялық жұмыстарды жүргізбегені анықталып отыр. Бұған айғақ ретінде фото-видео тіркелген. Саябақта жұмыс істейтін арендаторлар медициналық бетперде тағып, өздерінің нысанында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге міндетті болса, саябаққа келушілерге маска кию ұсыныс ретінде берілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының көпшілігі саябаққа келетінін ескерсек, карантин жағдайында аталған санитарлық талаптардың екі тараптан сақталмағаны анықталды. Жоғарыдағы себептердің негізінде, тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында мәдениет және демалыс саябағын уақытша жабу туралы шешім қабылданған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
89 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
123 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
220 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
200 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»