БІРІНШІ СЫНЫПҚА ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ «ҮШКЕ БІР» НОРМАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау тәртібі туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігіні фейсбук парақшасында жүргізілген онлайн-брифинг барысында министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес биыл 1-сыныпқа баланың құжатын қабылдау 1 маусымда басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Комитет төрайымының айтуынша, мектепке ең алдымен жақын маңда тұратын учаске тұрғындары тапсыра алады. Сондай-ақ осы жылдан бастап оқушылардың құжатын қабылдауға жаңа норма енгізілген.
«Білім туралы заңның 26-бабы 2-тармағында белгіленгендей, бірінші кезекте сол аумақтың тұрғындары құжат тапсыра алады. Яғни сол мектепке жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан құжаты қабылданады. Биыл жаңа «Үшке бір» деген норма енгізілді. Яғни, тиісті учаскеден 3 бала, басқа учаскеден 1 баланың құжатын қабылдауға болады», – деді Майра Мелдебекова.
Құжат екі жолмен қабылданады: Біріншіден, Egov порталы арқылы 3 құжат тапсыру керек. Олар ата-ананың өтініші, баланың 3х4 суреті және медициналық анықтамасы. Екіншісі -құжатты қағаз түрінде мектепке барып, бұрынғы дәстүрлі жолмен өткізуге болады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу