АВТОКӨЛІКТІ ЖӨНДЕУДІҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
27 мамырда БҚО бойынша полиция департаментінің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және арнайы дайындық базасы аумағында «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері арасында «Ең үздік автокөліктің жөндеу жұмыстары» байқауы өтті.

БҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы мамандарының хабарлауынша,аталмыш байқау 2017 жылдан бастап жыл сайын қызметкерлердің кәсіби шеберлік пен теориялық білімдерін арттыру, өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің жүргізушілер құрамы арасында өрт автокөліктеріне қызмет көрсету мен жөндеуде практикалық дағдыларды арттыру мақсатында өткізіледі.
Байқауға Батыс Қазақстан облысы Өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің қару-жарағында тұрған 29 өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасы қатысты, автокөліктер мен олардың агрегаттарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру және сыртқы тексеру жүргізілді және байқау қорытындысы шығарылды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, номинациялар бойынша қызмет бөлімшелері марапатталды. Атап айтқанда, «Тиімді әзірлегені үшін» – № 16 өрт сөндіру бекетінің бөлімшесі, «Жаңа технологияларды енгізгені үшін» – №22 өрт сөндіру бекетінің бөлімшесі, «Ең көп еңбекті қажет ететін жөндеу» – №15 өрт сөндіру бекетінің бөлімшесі, «Арнайы автокөлікті үздік ресімдеу үшін» – ЖҚЖ №4 бөлімшесі, «Жеңіске деген жігері үшін» – №3 МӨСБ бөлімшесі, «Ескі автомобильге екінші өмір бергені үшін» – №8 өрт сөндіру бөлімі, «Үздік штабтық автокөлік»- №17 өрт сөндіру бекетінің бөлімшесі, «Қосалқы өрт сөндіру автомобилін үздік жөндеу» – № 6 өрт сөндіру бөлімі иеленді. Ал «Негізгі өрт сөндіру автомобилін үздік жөндеу» номинациясы бойынша бірінші орынды №23 өрт сөндіру бекеті иеленді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу