8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2020 1256 0
Қоғам

ПАРАҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ БОЙЫНША ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАРАЛДЫ

26 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және облыстық полиция департаменті басшылығының қатысуымен ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде жүйелі парақорлық фактілері бойынша, патрульдік полиция қызметінде аяқталған қылмыстық істер бойынша енгізілген ұсыныстар қаралды.

Сотқа дейінгі тергеулерге сәйкес, автокөлік құралдарының жүргізушілері патрульдік полиция инспекторларына әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін пара берген.

Ұсынымдарды қарау нәтижелері бойынша Полиция департаментіне:

– күнделікті кезекшілік алдында, патрульдік полиция жеке құрамы алдында, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының талаптарын, басымдықтары мен құндылықтарын, оны соңғысының жол қозғалысына барлық қатысушыларға жеткізу;

– патрульдік автомашиналар мен полиция ғимараттарында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттайтын жапсырмалар, парақшалар, плакаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзудың салдарларын орнату (желімдеу) ;

– полиция басқармасының кезекші бөліміне шығара отырып патрульдік автомашиналар салоның бақылау камераларымен жабдықтау;

– батальонның жеке құрамын бейнетіркеуіштердің (видеожетондардың) қажетті санымен қамтамасыз ету;

– бейнетіркегіштердің, жетондар мен т.б. қатты дискілерінен басқа электрондық тасымалдаушыға жеке бір тәулік ішінде жол қозғалысына қатысушылар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жасалған немесе батальонның жеке құрамымен байланысты қандай да бір төтенше жағдайлар болған жағдайда бейнеақпаратты көшіру;

– қызметті тұрақты негізде бейнетіркегіштерді (видеожетондарды) пайдалана отырып жүзеге асыру.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
117 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
172 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
240 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
270 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
315 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»