ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ «ЖЫЛУЫ» ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖҰМСАЛДЫ
Оралда ерікті азаматтар жалғызбасты анаға баспана салып беруде. Үйдің іргетасы қасиетті Рамазан айының алғашқы күні құйылған. Қазір кірпіші қаланып, төбесі көтерілді. Бірер күнде ішкі әрлеу жұмыстары басталмақ. Игі іс Дастан Қадыр есімді азаматтың бастамасымен қолға алынған.

Дастан «Мақсат» медициналық колледжінде музыкалық жетекші қызметін атқарады. Осыдан бес жылдай бұрын негізгі жұмысына қоса «Жүрек жылуы» атауымен қайырымдылық қорын ұйымдастырып, өзі сынды ізгі жандарды жанына жиған. Дені –медициналық колледждің студенттері. Сол уақыттан бері мұқтаж отбасыларға азық-түлік, гигиеналық заттармен көмектесіп келеді. Бүгінге дейін Дастанның жетекшілігімен студенттер мен қайырымды азаматтардан құралған еріктілер 100 шақты отбасының алғысына бөленіп үлгерді. Бұл ретте олар Зашаған кентіндегі отбасылардың жай-күйімен жақсы таныс мектептердің әлеуметтік педагогтарымен, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып жүрген қалалық мешіт имамдарымен тығыз байланыс орнатқан.
Баспанасының бабын үйлестіре алмай жүрген Қымбат Нұрмұқанова есімді жалғызбасты ананың жағдайы да еріктілерге имамдар арқылы жеткен. Расында 2007 жылы саманнан салынған Қымбат апайдың үйі жөндеу көрмей, әбден тозып, іргетасы сөгіліп кеткен екен. Қыста қар кіріп, көктемде төбесінен су кетіп, іргеден жел үрлейтіні тағы бар. Жөндеуге жарамсыз үйді сүріп, жаңасын салғаннан басқа амал қалмапты. Мекенжайы бойынша Қымбат апайдың үйіне келген Дастан құрылыс саласынан тәжірибесі мол ағасы Жомарт Мұхамбетияровты ерте келіп, үйдің жай-күйін, жаңа үй салуға кететін шығынды шамалап есептеп шығарды. Құрылыс материалдарын сататын дүкендерді де аралап, қожайындарына мән-жайды түсіндіріп, жабдықтарды төмен бағада алуға келістірді. Осылайша, олар әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу тастап, қаржы жинауды бастап кетті…
Эльмира НҰҒМАНОВА
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №19 санынан оқи аласыздар.





Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу