ҚМДБ ҚАДІР ТҮНІНДЕ ОНЛАЙН БАҒДАРЛАМА ҰСЫНАДЫ
Бүгін – Қадір түні. Қасиетті түннің құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Хикмет» студиясы және Діни басқарманың youtube каналы арқылы 00:30-дан 02:40-қа дейін «Мың айдан да қайырлы Қадір түні» атты онлайн бағдарлама ұсынады. Бұл туралы www.muftyat.kz жазды.

Тікелей эфир ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қадір түніне арналған құттықтау сөзімен ашылады. Одан әрі Мырзатай Жолдасбеков, Ғарифолла Есім, Бақытжан Ертаев т.б ел ағалары мерекелік лебізін білдіреді.
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде 24 сәуірде басталған «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу («Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы) шарасы түйінделіп, Құран хатым дұғасы жасалады. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов «Құлшылық жасаудағы ықылас-ниеттің орны», ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Зікір, салауат және тасбих айтудың артықшылығы», ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков «Ислам – мейірім діні» тақырыптарында уағыз-насихат айтады.
Онлайн бағдарлама барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов көрермендер тарапынан қойылған дін тақырыбындағы сұрақтарға жауап берсе, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков тікелей эфирде викториналық сұрақ жолдайды. Сондай-ақ «Қадір түніндегі құлшылық», «Қадір түнінің дұғасы» бейнероликтері көрсетіледі. Бағдарламалардың ойдағыдай өтуін «Хикмет» студиясының тілшісі Еркін Шәкір қадағалайды.
Айта кетейік, Қадір түні еліміздің кейбір телеарналары мен радиолары да хабар арнайды. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қасиетті түнде 22:00-ден бастап таңсәріге дейін тікелей хабар таратса, Qazaq radiosy 18:10-нан бастап арнайы шығарылым ұсынады.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу