8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2020 1411 0
Қоғам

«ADAL KÓMEK» жобасы онлайн режимде

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «ADAL KÓMEK» жобасын онлайн режимінде жүзеге асыру жалғасуда.

16 мамырда «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruptionzko» парақшасында тікелей эфирі арқылы тұрғындарға тегін кеңесті Ұлттық тестілеу орталығының Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіндегі базалық филиал басшысы А.С.Есимов берді.

Тікелей эфир барысында ағымдағы жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуді тапсыру мәселелері түсіндірілді.

ҰБТ тапсыру форматы өзгеріссіз.

Маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді 2020 жылдың 15 сәуірнен бастап мамырдың 10-на дейін  онлайн қабылданды.

ҰБТ облыс бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және БҚМУ, БҚАТУ-да орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтеді.

Барлық тестілеу пункттерінде тестілеудің өту барысында ҰБТ-ы өткізу технологиясы сақталады.

ҰБТ-ны айқын және объективті өткізу үшін барлық жерде металл іздегіштер, ұялы телефондардың сигналдарын тұншықтыру және бейне бақылау қондырғылары қолданылады.

Құрметті түлектер! Сіздерден ұлттық бірыңғай тестілеуді адал және парасатты тапсыруға шақырамыз.

Аталған «ADAL KÓMEK» жобасы Агенттікпен «Ізгілік елшісі» жобасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатырғандығын естеріңізге саламыз және еліміздегі «Волонтерлер жылы» аясында құқық саласындағы белгілі заңгерлер мен мамандардың ерікті негізде аталған жобаға қатысуларына бағытталған.

Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Назарларыңызға 23 мамыр сенбі күні сағат 10.00-17.00 аралығында «Дом права» адвокаттық кеңсесінде тегін заңгерлік кеңестер беретінін хабарлаймыз.  Мекен-жайы: Орал қаласы, М.Жүнсіов көшесі, 114.

Кеңес алуға алдын ала жазылу үшін байланыс телефондары 305553, +77769365666, +77013012285.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
100 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
341 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
334 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»