ТЕРЕКТІДЕГІ ҚОС БІЛІМ ҰЯСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Теректі ауданы бойынша бірнеше жылдар бойы шешімін таппай жүрген мәселелердің бірі – мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуі еді. Бүгінгі таңда аталмыш мәселелер өз шешімін табуда. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауданның екі мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебінің ғимараты 1984 жылы 464 оқушыға арналып салынған. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмепті. Тозығы жеткен мектепке биыл республикалық бюджет есебінен 267 млн. теңге қаражат бөлінді. «Алтим» құрылыс компаниясы 5 мамырдан бастап жұмысқа кірісті. Күрделі жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл ғимараттың бір бөлігінде 40 орындық шағын орталық бар. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, бұл орталықта мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына жергілікті 33 адам жұмысқа тартылған.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екінші мектеп – Долин ауылдық округіндегі Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі. Жалпы ауданы 2146 шаршы метр ғимаратты жөндеуге республикалық бюджеттен 230,5 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Фирма ИСКОМ» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер компания арадағы келісімшарт негізінде жергілікті тұрғындардың 29-ын жұмыспен қамтыған. Долин ауылдық округіне қарасты елдімекендерде мектептер жабылу алдында. Сол себепті, мұндағы шәкірттерді Чапаев мектебіне көшіру жоспарланған. Ол үшін мектеп жанынан интернат ашылады.
Суретке түсірген: Ә.Орынбасаров
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу