БӨРЛІДЕ «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ АЯСЫНДА 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Қасиетті Рамазан айында Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат» еріктілер тобының мұрындық болуымен «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуені өз жалғасын тапты.

Бұл жолы қайырымдылық керуені аясында Успен, Жаңаталап, Александровка, Ақсу, Ақбұлақ, Пугачев ауылдарындағы аз қамтылған 50 отбасыға қайырымдылық сөмкелері таратылды.
Елдегі карантин кезінде үйлерінде отырған бөрлілік көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға жеткізілген қоржында: құрма, күнбағыс майы, пакеттегі сүт, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды.
Әрбір жасалған жақсылықтың сауабы 70-тен 700-ге дейін еселенетін Құран айында көмек алған отбасылар «Рамазан сыйын» ұйымдастырған дін өкілдері мен еріктілерге алғысын жаудырып, ризалық білдіруде.
Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық керуені аясында қасиетті ай басында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылған болатын.
Осымен «Рамазан сыйы» керуенін екінші рет ұйымдастырып отырған Бөрлі аудандық мешіті мен «Берекелі жамағат» еріктілер тобы қайырымдылық қоржынын тұрақты таратуды көздеп отыр. Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған бауырмал қазақ, қасиетті айда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, мұқтаждарға ауыз аштырып, қуаныш сыйлағаны абзал.
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу