8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2020 1407 0
Қалалықтар қаперіне

ТӨРТ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың бұйрығымен Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымына Ерболат Байбатыров тағайындалды.

Ерболат Сағатұлы еңбек жолын 2009 жылы Жекпе-жек спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде самбодан жаттықтырушы болып бастады.

2009-2013 жылдары Қазақстан Ресубликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери қызметін өтеді.

2013-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің қызметкері сонымен қоса осы

2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында самбодан спортшы-нұсқаушы лауазымында жұмыс істеді. 2018 жылдан күні бүгінге дейін Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқу-спорт жұмыстары бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды.

Ерболат Байбатыров самбодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз қазақстандық палуан.

Жолдасы екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
85 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
121 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
216 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
199 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»