ЕКІ БАЛА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАДЫ
Жаз мезгілінде балалардың жарақаттану жағдайлары жиі орын алады. Қазіргі карантин жағдайында балалардың көпшілігі үйде. Дегенмен, үй жағдайында да балалардың оқыстан құлау немесе зақым алуы кездеседі. Осы орайда БҚО Полиция Департаментінің ювеналды полиция инспекторлары мен БҚО төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатымен рейд өткізді.

Орал қаласында екі бала терезеден құлап кеткен. Оқиғаның бірі 9 мамырда орын алды. 4 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттанып, облыстық көпбейінді балалар аурухананасының реанимация бөлімшесіне түскен. Ал екінші оқиға 10 мамыр күні болған. Жеті жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлаған. Абырой болғанда денесінің көгергені болмаса, ауыр жарақаттанбапты.
– Күнбе-күн полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізеді. Оған қоса балалар арасындағы жарақатты болдырмау мақсатында түсінік жұмыстары ұйымдастырылады. Өкінішке орай, бір аптада екі баланың жоғарыдан құлау жағдайы тіркелді. Бұл басқа ата-аналарға сабақ болуы тиіс. Үлкендер кішкентайлардың әр қимылын көзден таса қылмаса екен деген өтінішіміз бар, – дейді БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының инспекторы Диляра Сатарова.
Қала көшелерінде жүріп өткен ювеналды полиция инспекторлары мен төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындармен сөйлесіп, үй подъездеріне жадынамалар ілді. Балаларға қатысты болған оқыс жағдайдан хабардар етіп, бүлдіршіндерін қараусыз қалдырмауларын ескертті.
– Төтенше жағдай комитетінің нұсқамасы бойынша 14 сәуірден бастап тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы бейнероликтар, анимациялық мультфильм дайындалып, жергілікті арналар, әлеуметтік желілер арқылы таратылуда. Жалпы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерге де ұсындық. Көпқабатты үйлердің подъездеріне 1000-нан аса ақпараттық жадынама ілінді, – деді БҚО Төтенше жағдай департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Мереке Жұмағалиев.
Кішкентайлар терезе алдына шығып, сыртты қызықтағанды ұнатады. Бірақ, бұл аса қауіпті. Терезедегі москитті тор баланың шалт қимылын көтермей, құлап кетуі ықтимал. Сондықтан бүлдіршіндердің әр қимылын көзден таса қылмау ата-анаға міндет.
Биылдың өзінде өңірде үш баланың жоғарыдан құлауы тіркелген.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу