ЗАШАҒАН КЕНТІНДЕГІ ЖАҢА ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Кеше кешкісін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын пысықтады. Алдымен шаһар басшысы Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы» бағдарламасы шеңберінде салынған тоғыз қабатты 90, 198 пәтерлік №44, 45, 46 дақ көппәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер тарту, аулаларын абаттандыру жайын қадағалады.


Солидарность көшесі, 7/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан ірі панельді схема бойынша салынған аталмыш үйлердің құрылысын «Болашақ» ЖШС осы жылдың қаңтар айында аяқтаған. Биыл келбеті келісті зәулім үйлер «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшыларына беріледі деп күтілуде. Қазіргі таңда инженерлік желілерін тарту, аулаларын абаттандыру жұмыстары қолға алынған.


– Мамыр айының аяғына дейін инженерлік желілер өткізілсе, жыл соңына дейін аулаішілік жолдар салынып, жарықтандырылып, балалар ойын және спорт алаңқайлары бой көтереді, – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев.
Аулаларды абаттандыру жұмыстары «ТүркістанЖолСервис» мердігерлік компаниясына жүктелген. Серіктестіктің бас инженері Жандәулет Нұрлыбаевтың сөзінше, құрылыс жұмыстарына 150-ге тарта адам тартылған. Бұл мақсатқа 1 млрд. 100 млн. теңге қаржы қарастырылған. Біз барған сәтте «Әлия-сервис» ЖШС-ның 40-қа тарта жұмысшысы инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізуге қызу кіріскен. Учаске басшысының айтуынша, жұмыстар сәуір айының ортасында басталыпты. Мамыр айының соңына дейін аяқтау көзделуде. Мұндағы жұмыстарды пысықтаған қала әкімі Абат Абайұлы жауапты тұлғаларға жұмысты ширатуды қатаң тапсырды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу