«АЛТЫН БЕЛГІ» ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша биыл 371 түлек «Алтын белгіге» үміткерлердің қатарында. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Мектеп бітірушілері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сол себепті аттестатқа жылдық қорытынды баға түспек. «Алтын белгі» иегерлері де жылдық қорытынды баға негізінде нақтыланады.
Айта кетейік, биыл облыста 5039 түлек орта білім беру ұйымын аяқтайды. Ал кешкі және спорттық мектептерді қосқанда 5142 түлекке аттестат табысталады деп күтілуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті

Кіру
Пікір үстеу