ШОЛПАН ҚЫДЫРНИЯЗОВА, белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері: «ХАЛЫҚҚА КЕРЕГІ – ЕЛДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ТЫНЫШТЫҒЫ»

– Биылғы жыл қиындықтардың қиыны соққан жыл болды. «Кешегісіз бүгін жоқ, тәуекелсіз күнің жоқ» дегендей, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуекелге бел буып, салқынқандылықпен, сабырлы мінезбен, сол қиындықтарды жеңу жолында жаңылмай келеді. Қандай шешім жасар екен? Не айтар екен? деп елдің елеңдеп отыруының өзі Мемлекет басшысына деген елдің сенімінің нығайғанының, халықтың Қ.Тоқаевтың айналасына топтасқанының көрінісі екені анық. Президенттің кешегі сөзінде де сананы сәулелендірер сәттер көп. Мен ұсынылған бағдарламалар мен тапсырмаларды толық қолдаймын. Басқару жүйесін оңтайландыру бағытындағы бастамалары орынды. Көпсөзділік, қағазбастылық, бірін-бірі қайталайтын пайдасыз, дабыра жиындардан арылып, нақты іске көшетін сәт туды. Тың талпыныс, оңды өзгеріс күтетін халыққа керегі – елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы. Бас-басына баспана, тұрақты жұмыс пен жақсы жалақы. Президентіміздің сөзінің пәрмені де осы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті

Кіру
Пікір үстеу