АССАМБЛЕЯЛЫҚТАР АРДАГЕРДІҢ АУЛАСЫНДА ЖЕҢІС ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ (ФОТО)
Ұлы Жеңіс мерекесі күні БҚО «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері мен БҚО халықтары Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері қаладағы 10 аула тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік шара Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Эльмира Амированың орындауындағы «Майдан медбикесі» вальсінен басталды. БҚО «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері да бар өнерлерін ортаға салды. Мәселен, Вероника Давлетова «Туған жер» әнімен көпшіліктің көңілінен шықса, Темірлан Мақсотовтың орындауындағы «Дорогие мои старики» әні ардагерлердің көңілін серпілтті. Ал Инесса Тоболева мен Юлия Друнинаның «Зинка» өлеңін нақышына келтіре оқыды. Халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты Алексадр Бугаков «Журавли» әнін шырқағанда тебіренбеген жан қалмады. БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, БҚО «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов Ульяна-Громова 9-үйде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қайыржан Байменовті Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары және хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың алғыс хатын табыс етті.
Соғыс ардагері Қайыржан Байменов 1924 жылы Қаратөбе ауданы, Аккозы ауылдық советінде дүниеге келген. 1942 жылдың тамыз айының 20-сы күні әскер қатарына алыныпты. 1943 жылдың басында «Калинин» фронтына соғысқа кіреді. Осы кезден бастап 1945 жылдық қыркүйек айының 20-сына дейін қиян-кескі соғыс даласында болған. Осы уақыт ішінде үш рет ауыр жараланады. Ардагер әлі күнге дейін Батыстың батыр қызы Мәншүкпен кездескен күнін мақтанышпен әңгімелейді. – Мен 1944 жылы «Новосокольниктің» түбінде Мәншук Мәметовамен кездестім. Полк командирі Волковпен шалашта оған байланысшы болып, бірге тұратын едім. Бір күні дивизия командиріне жұмсады, қолымда жазып берген қағазы бар болатын, осы қағазды дивизия командиріне тапсырып, оның жазып берген қағазын Волковқа әкеліп беру керек едім. Осы жолда пулеметін тазалап отырған Мәншүкпен таныстым. Оралдан екенін айтты. Осы кездесуден кейін «Кинель» қаласын босатқаннан соң «Мәншуктің» батыр атағына ие болғанын естідім, – деп еске алады майдангер. Қарт сарбаз 1945 жылдың қыркүйек айының басында Ұлы Отан Соғысының 3-топтағы мүгедегі болып елге оралыпты. Келгеннен кейін Аккозы совхозының 2-бөлімшесінде есепші болым жасайды. Түрлі салада қызмет атқарады. Майдангер биыл 96 жасқа толған. Денсаулығы сыр берген қария ассамблеялықтардың концертін балконнан тамашалап, жастарға ақ батасын берді.
Айта кету керек, бүгін қаладағы 200-ден аса аулада Ұлы Жеңіс мерекесіне орай концерттік бағдарламалар өтті.







Р.ХАЛЕЛОВТЫҢ СУРЕТТЕРІ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу