Тынымсыз еңбек шынықтырған
Ұлы Отан соғысы осыдан 75 жыл бұрын аяқталғанымен, оның салған жарасы талай жүректе әлі де бар. Балғын балалық шақтары осынау зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген жандар қаншама? Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді бірі тылдағы еңбекті үлкендермен бірге бөлісті. Ел басына түскен қиын-қыстау шақта тылда қара жұмысқа жегілген бозбаланың бірі – еңбек озаты Ғатау Рахишев болатын.

Тыл ардагері Ғатау атамыз 1930 жылы 7 шілдеде Орда ауданы Талап ауылдық кеңесінің «Екпін» колхозында кедей шаруа отбасында өмірге келген. Жастайынан әкеден жетім қалған жасөспірім сұрапыл соғыс басталғанда буыны қатаймаған небары 11 жасар ойын баласы болды. Заманның қиындығына байланысты екі сыныптық білім алады. Майдандағы әскерлерді азық-түлікпен жабдықтау мақсатындағы әр маусымдағы жұмыстарға араласып, бала кезінен колхоздың малын бағып, өгіздермен жер жыртып, егін екті. Сөйтіп, бел жазбай еңбек етіп, аға шопан дәрежесіне дейін көтерілген. – Соғыс кезінде Қазақстан майданды киім-кешек, азық-түлікпен қамтамас етіп отырды. Жас деп ешкім қараған жоқ. Колхозда барлық жұмысты әйелдер, балалар атқарды. Жер жыртып, егін егіп, мал өсіріп, одан өндірген өнімді майданға жөнелтіп отырдық. Өте қиын кезең болды. Бірақ еш мойыған емеспіз. Тынымсыз еңбектің арқасында ғана жеңіске жетерімізді білдік. Сондықтан, жас болсақ та Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін деген ұранмен еңбек еттік, – деп қиын күндерін еске алып отыратын Ғатау атамыз көзі тірісінде.
Айсана ҒАТАУОВА
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу