8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Мамыр 2020 1186 0
Қоғам

Азаматтық қорғаныстың бастауында

1418 күн бойы кеңестік сарбаздар ортақ Отанымыздың бейбіт өмірі үшін күресіп, миллиондаған боздақ қанды қырғында опат болды. Уақыт ұзаған сайын сұм соғыстың жеңімпаз жауынгерлері ретінде туған жеріне аман оралған ардақты ардагерлеріміздің саны сиреді. Солардың бірі от пен оқтың ортасынан аман оралып, азаматтық қорғаныс жүйесінің қалыптасуына еңбегі сіңген Шүкір Мұхтаровтың дүние салғанына биыл – 34 жыл болыпты.

Шүкір Мұхтаров 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Базартөбе ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы №12 орта мектептің 10-сыныбын бітіріп, 1941 жылдың желтоқсан айында Кеңес әскері қатарына шақырылды. Қызметін Орта Азия әскери округі мен Батыс майданының 100-ші атқыштар бригадасының 100-ші жеке байланыс батальонының байланыс бөлімшесінің командирі лауазымынан бастады. Атқыштар бригадасы «Марс» операциясына, Великолук және Невель операцияларына қатысқан Калинин майданының 3-ші соққы армиясының құрамына кірді. Әскери іс-қимылдар кезінде атқыштар бригадасының құрамында Ш.Мұхтаров 28-ші танк бригадасының КВ танк механик-жүргізушісі болды.

 

Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
215 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
198 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»