8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Мамыр 2020 1604 0
Қоғам

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР

2020 жылғы 30 наурыздан осы күнге дейін Орал қ.ПБ ЖПҚб ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасы кәмелетке толмағандар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, карантиннің талаптары мен шектеулерін айтуда.

Қаланың бірнеше аудандарында кешенді тексерістер мен рейдтер өткізуде. Басты мақсат-жасөспірімдер ересектерсіз, заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда, көшелерде жүрмеуі тиіс.  Орал қаласында карантин жарияланғаннан бері 40 жасөспірімінің талаптарды бұзғаны анықталып, ҚР ӘҚБТК-тің 476-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгінгі таңда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 9 жасөспірімнің заңды өкіліне 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтіні туралы қаулысы шықты. 30 жасөспірімге ескерту берілді.

Сол себепті, ата-аналардың балаларды көшеге және көпшілік орындарға жалғыз өздерін жібермеулерін сұраймыз, карантин мерзімі аяқталғанша сақтық шараларына аса мән берулерін талап етеміз.

Баламыздың денсаулығы –өз қолымызда екенін естен шығармайық.

 

Орал қ.ПБ ЖПҚб ЮПб

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
99 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
340 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
332 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»