8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2020 1508 0
Қоғам

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН БАҚЫЛАДЫ

Бүгін дүкен сөрелеріндегі тауар құнын негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков  шаһардағы бірқатар шағын маркеттерді аралап, ондағы санитарлық тазалық пен баға тұрақтылығын бақылады.

Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде  орналасқан  «Западный», «Назэль» шағынмаркеті  және «Астана» сауда үйінде орналасқан азық-түлік дүкенін аралаған жергілікті әкімшілік өкілдері, әзірге  әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы тұрақты, тапшылық жоқ екеніне көз жеткізді. «Астана» сауда үйіндегі азық түлік дүкенінің аға сатушысы Лариса Саникованың айтуынша, мұндағы баға әдеттегідей, ешқандай өсім болмаған. Сондай-ақ санитарлық тазалыққа баса мән беріледі, тұрғындар да маскасыз дүкенге бас сұқпайды екен.

Қазіргі таңда өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қатаң бақылауға алынған.  Осы орайда  облыста азық-түлік бағасына күнделікті мониторинг жасап, шектік бағаларын қарастыратын  20 топ бекітілген.  – Олардан күн сайын екі мәрте  ақпарат алып, талдау жасаймыз. Қай жерде баға өсімі байқалса, сол дүкендермен жұмыс жасаймыз. Қазір бізде баға тұрақтылығы 90 пайызға өз дәрежесінде сақталып отыр. Көкөніс бағаларында өсім байқалады, бірақ бұл маусымдық өзгеріп отыратын жағдай. Өйткені, бұл көтерме сауда жасаушылардың бағаны қымбаттатуымен байланысты. Әкімшіліктің құзіреті ең бастысы, дүкендердегі соңғы бағаны тексеріп, әлеуметтік тауарлардың қандай бағамен сатылып жатқанын бақылау. Монополияға қарсы агенттіктің өкілдерімен, көтерме сауда жасаушылармен, өндірушілермен  бірігіп, бүкіл бағаның элементтерін нақтылап, өсімнің неден пайда болып жатқанын қарастырып жатырмыз. Әрине, нақты бұзушылық фактілер орын алса, әкімшілік жазалар қолданамыз. Екіншіден, монополияға қарсы департамент өкілдері көтерме сауда жасаушылармен өздері жұмыстанады. Басты мақсат – әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстау. Шектік бағаларды қадағалау, облысымыздың азық-түлік қорын толтыру тек төтенше жағдай кезеңінде емес, одан әрі де жалғасады. Өңірдегі қор балансын жүйелі ұстап отырмыз, ешқандай тапшылық жоқ, баға тұрақты, – деді рейд барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев журналистерге берген сұхбатында.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
817 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»