8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Мамыр 2020 1190 0
Қалалықтар қаперіне

Орал қаласында ХҚО жұмысы қайта жанданды

4 мамырдан бастап Орал қаласы бойынша ХҚО-ның бір бөлімі қайтадан жұмыс істей бастады. Бұл туралы шешімді әкімдік жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.


Қала тұрғындары 4-шағын аудан, 28 «Ural Car City» ғимаратындағы ХҚО-ға жүгіне алады. Жұмыс кестесі: 09:00-ден 17:00-ге дейін
Алайда вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.
Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
– Енді оралдықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
– Қызмет алушылардың шоғырлануын және короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы кезекті брондау қажет.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек. «Орал қаласының №1 ХҚО бөлімінде 120-дан астам қызметкер жұмысын бастады. Біздің ХҚО республика бойынша Нұр-Сұлтан, Ақтау, Қарағанды қалаларымен бірге алғашқылардың бірі болып жұмыс істей бастады. Тұрғындардан ХҚО-ға барар кезде бетперде киюін сұраймын», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиал директоры Марат Бассаров.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.

ХҚО-ға кезекті 1414 және https://egov.kz/services/SR.06/#/ арқылы беруге болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»