8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Мамыр 2020 2015 0
Қоғам

БӨРЛІ АУДАНЫНДА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жылына бір рет келетін, сауаптары еселеніп берілетін мүбәрәк – Рамазан айында қайырымдылық жасау үлкен сауапты іске жатады. Осындай қайырымдылық жасау мақсатында  Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті және «Берекелі жамағат» қайырымдылық қоры айлардың сұлтаны Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуенін ұйымдастырды.

Кімде-кім рамазан айында кедей-кепшік, жетім-жесірге қол ұшын созып, көмек көрсетсе, Алланың мол сауабына кенелері сөзсіз. Бұл туралы Қасиетті Құрандағы Ниса сүресінің 127-ші аятында «Қайырдан не істесеңдер, Алла оны күдіксіз біледі» делінген.

Қайырымдылық керуені аясында Бөрлі ауданының шалғай жатқан Қанай, Бөрлі, Бумакөл, Приуралье, Жарсуат ауылдарындағы 50 отбасына азық-түлік салынған сөмкелер таратылды. Әр сөмкеде құрма, күнбағыс майы, ұн, картоп сынды күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері қамтылды. Осы аптадағы «Рамазан сыйы» қайырымдылық керуеніне 300 мың теңгедей қаражат жұмсалған.

«Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. Қайырымдылық жасау біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, қоғамды да жақсы жағына қарай өзгертеді. Сондықтан, мұсылман баласы қасиетті айда барынша қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуы үлкен сауап» – дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.

Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазанда сауабы еселенетін көркем істерден. Аудандық мешіт тарапынан қайырымдылық істері алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»