8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2020 1922 0
Қоғам

БЕЙБІТ ТІРЛІГІМІЗ ҰЗАҒЫНАН БОЛСЫН

Міне, күні ертен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күнді бірлік, ынтымақ күні деп мерекелейміз. Мемлекетіміздің әрбір бұрыш-бұрышында бұл мереке тойланып жатады. Ал мен үшін бұл мерекенің өз орны бар.


Тағдырдың жазуымен өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықтым. Ұлтым – қазақ, қайын жұртым – татар, енем – орыс. Анам өте ақылды адам, маған «махабатта ұлт жоқ» деген. Жанұямызда әр ұлтқа сыйластықпен қарау қалыптасқан. Әр кісіге ұлт тұрғысынан емес, бірінші кезекте оған адам ретінде қарауды үйретті.

Ата-енемнің әу бастан-ақ, біздің салт-дәстүрімізге деген құрметі ерекше болды. Енем, тіпті менен құда түспестен бұрын «туыстарыма киіт қажет пе» деп сұрап, құдалыққа қатысты басқа да ырымдар туралы білген еді. Десе де, мен оларды әуреге салғым келмегендіктен, тойға қатысты кейбір салттардан бас тарттым. Бірақ, құдалық толығымен қазақы дәстүр бойынша өтті. Енем маған сырға салып, аналарымыз бір-біріне сыйларын жасады. Бүгінде сүйікті жар, аяулы ана, ибалы келін болып отырмын.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударып, бүгінде олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.
Бүгінде жүз отыздан астам ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат құралдарынан көріп отырмыз.Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш.
Атам қазақ бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын “бірлік болмай тірлік болмас”, “бірлік түбі — береке”, “алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді”, «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады» деп ой түйген. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек.
Кезінде халқымыз байтақ елінің даласына көз алартқан сырт дұшпанға ұлтарақтай да жерін қимай, жауымен қасық қаны қалғанша шайқасатын қаһарлы қазақ болса, табалдырығын аттаған қонағын құдайдай күтіп, оған дастархан боп жайылуға дайын болған. Бұл қазақтың ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелеу қасиеті. Аталарымыз басынан тағдырдың талай қатал сынын-Жоңғар шапқыншылығын, Ресей империясының езгісі мен күні кешегі Кеңес үкіметі заманындағы аштықты басынан кешіріп, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны бола тұра, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсарлық танытқан халық. өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.
Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткен, сарқылмас мол қазына болып табылатын Шалкиіз толғаулары мен Бұқар жырау, Дулат, Махамбет сынды жауынгер ақын-жыраулардың отаншыл шығармашылығы арқылы бүгінгі ұрпағына Отанға деген сүйіспеншілікті, қазақ болып туғанын мақтанышпен ауыз толтыра айтуға мүмкіндік беріп отыр. Тарихы бар халық қана – ұлы халық.
Мемлекет құраушы халық ретінде қазақ халқы елдегі этносаралық бірлік пен келісімнің сақталуына қалай жауапты болса, басқа этностар да мемлекеттің алдында өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деп ойлаймын.
Сондықтан, туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігі мен тыныштығының сақталуына, бейбіт елдің берекесі арта беруіне, бүгінде бүкіл әлемді жайлаған індетті жеңу жолында заң пен шектеулерге бағына отырып, жауапкершілікті сезініп атсалысайық.

Қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да бірлігімізді көрсете білейік. Әр ұлт өкілдерінің татулығы арта берсін, бейбіт тірлігіміз ұзағынан болсын!

Снежана Дүйсенғалиева, Орал қаласы №2 соты кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»