8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2020 15737 0
Қоғам

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Төртінші оқу тоқсаны аяқталуға тәмам. Осы орайда бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанова оқу жылын аяқтау жұмыстары туралы баяндады. 

Оқу жылын аяқтауға қатысты нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілді. Төртінші тоқсан мен 2019-2020 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында мамыр айында барлық сыныптарда бір бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмек.

Білім басқармасының басшысы Айымгүл Мақсаотқызы түсіндіріп өткендей, 1-10 сыныптарда аптасына 2 немесе одан да көп сағаттан тұратын оқу пәндерінен бір бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) орындалады. 10 сыныптарда аптасына бір сағат жүктемесі бар пәндер бойынша бір бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізіледі. 11 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшпегендіктен, дәстүрлі бақылау жұмыстары өткізіледі. Осыған байланысты жиынтық бағалауды жүзеге асыру мерзімі белгіленген.

Яңни, 4 мамырдан 11 мамырға дейін жүктемесіекі немесе одан да көп сағатты құрайтын пәндер бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізіледі. «Өзін-өзі тану», «Көркемөнер», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және дизайн», «Қоғам және дін» пәндері бойынша  суммативті бағалау жүргізілмейді. 11 мамырдан 15 мамырға дейін  1-10 сынып оқушыларына, аптасына бір сағат жүктемесі бар пәндер бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өтеді.  18 мамырдан 22 мамырға дейін 11 сыныптың барлық бақылау жұмыстары және екі немесе одан да көп сағаттан тұратын пәндер бойынша бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.

– Бөлім бойынша жиынтық бағалауды  жүргізу 10-20 минуттан аспауы тиіс, тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың  ұзақтығы – 40 минутты құрайды. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау қашықтықтан жүзеге асырылады. Тапсырмаларды мұғалімдер өздері құрайды. Сондай-ақ күніне 3-тен артық жиынтық бағалауды өткізуге жол берілмейді. 9 және 11 сынып түлектері қорытынды емтихандар тапсырмайды. Қорытынды баға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бұйрығына сәйкес жылдық бағаның нәтижесі бойынша белгіленеді, – деді Айымгүл Мақсотқызы.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
82 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
213 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
197 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»