«CТУДЕНТТЕРДІҢ ҮЙДЕ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАП, АТА-АНАЛАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫСТАМЫЗ»
2020 жылы коронавирус індеті жер әлемді әуре-сарсаңға салды. Жаһан жаңа белеске аяқ басқан шақта індет көптеген халықтың өз құндылықтарын қайта қарауына, ой елегінен өткізуге себеп болды. Бүгінде дүниежүзін жайлаған індетке қарсы тұру үшін әлем бірігіп әрекет етуде.

Мемлекет мерейі – мығымдығында. Біз қазақ халқы – қай заманда да қайсар рух пен өрліктің туын жоғары ұстаған халықпыз. Ал бүгінгі төтенше жағдайда татулық таразысының теңселмеуі, ең алдымен халықтың сабырлығы мен төзімділігіне байланысты болмақ. Ешқандай да араңдатушылыққа бой алдырмай, тәртіп пен қатаң ережені сақтай отырып, бір-бірімізге барынша қолғабыс ету арқылы бұл індетті жеңбекпіз.
Біз ендеше бірге бола отырып, алдымыздағы қиындықтарды бірлесе жеңуіміз қажет. Қауіпті індетпен күрескен әлем елдері бірігіп, бар күш-қуаты мен ғылым-білімдерін паш етуде. Біз де кемел келешек жолында еліміздің дамуына үлес қосу үшін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, оларға дұрыс жол сілтеу біздің міндетіміз. Орал ақпараттық технологиялар колледжінде педагогтар мен білім алушыларға қашықтықтан білім беру кезіндегі барлық мүмкіншіліктер жасалуда. Біздің педагогтар WhatsApp, Telegram әлеуметтік желілер мен Google Classroom платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бейне сабақтар, презентациялар мен тапсырмалар арқылы білім беруде. Студенттердің үйде болуын бақылауда ұстап, үнемі ата-аналарымен тығыз байланыстамыз. Оқытушыларымыз ерекше қажеттілікті талап ететін білім алушыларымызға да арнайы жұмыстарды жүйелі жүргізуде.
Бірлескен жұмыс қана осындай кезеңде тығырықтан жол тауып шығары ақиқат.
Нурлан СҰЛТАНОВ, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу