8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2020 1283 0
Қоғам

«САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЖЕТЕКШІСІ ОРАЛДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЖҮЗДЕСТІ

         28 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушевтің  қатысуымен «Орал қаласы мектептеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды. Қ.А.Токушев шараға қашықтықтан байланысу бейнебайланысы арқылы Алматы қаласынан тікелей қатысты. Сонымен қатар, онлайн конференцияға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қырсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Орал қаласының білім беру бөлімінің басшылығы және 50 мектеп директоры қатысты.

Өз сөзінде басты спикер ретінде Қ.А.Токушев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қабылдау, өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жеке жауапкершілік мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Қ.А.Токушев мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді іс-шаралар жоспарларын сапалы жасауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, республика бойынша мектеп директорлары арасындағы сыбайлас жемқорлықтың соңғы фактілері, сондай-ақ оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы айтты.

Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, соның ішінде білім беру саласындағы негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ PUBLICBUDGET.KZ сайтындағы «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы туралы ақпарат жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бұрын PUBLICBUDGET.KZ (Ашық бюджеттердің интерактивті картасы) сайты әзірленген болатын. Бұл – ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс арнасын құру үшін құрылған бірегей жоба.

Бұл жобаны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен ашықтықты және тұрғындармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету саласында Қазақстанның бренд-жобасы ретінде танылды. «Картада нақты уақыт тәртібінде облыстың білім беру, құрылыс, әлеуметтік нысандарды жөндеу және сақтауға бөлінген бюджет қаражаттары туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді. Картаға мемлекеттік кәсіпорындар, медициналық мекемелер, білім беру нысандары, жолдар, яғни бюджет қаражаты бөлінген кез келген инфрақұрылымдық объектілер енгізілген. Кез келген адам объектіге басып, өз ескертулерін қалдыра алады».

«Мысалы, кез келген азамат жөндеу сапасына, білім сапасына немесе мектептерде ақша жинау мәселелеріне риза емес. Біздің азаматтарымызды бірлесіп жұмыс істеуге, қоғамдық бақылау жүргізуге және бұзушылықтар туралы дереу хабарлау арқылы жұмыс жасауға шақырамын», – деп атап өтті БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
364 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
448 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
505 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
517 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
567 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
306 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
793 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
819 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
769 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
720 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
764 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
947 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»