САЯЖАЙЛАРҒА БАРУ КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ
Орал қаласы іргесінде 176 бау-бақша саяжай серіктестігі бар. Күшейтілген карантиндік режим кезінде тұрғындарға аптасына екі күн – сенбі-жексенбіде саяжайларына бару рұқсат етілген еді. Қазір дақылдарды егу жұмыстары басталды. Осы ретте, ертеңгі күннен, яғни 28 сәуірден бастап саяжайға бару және келу кестесіне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте қала әкімі Абат Шыныбеков айтты.

– Мемлекеттік нөмірлері тақ санымен басталатын көлік иелері – сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін саяжайларына бара алады. Ал мемлекеттік нөмірлері жұп санымен басталған автокөлік иелері сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері таңертеңгі 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін саяжайларына баруға рұқсат. Сондай-ақ автокөлік салонында жүргізушіні есепке алмағанда үш ересек адамнан артық жолаушы болмауы керек. Сондай-ақ азаматтардың өздерімен бірге жеке куәлігі, бау-бақша серіктестігінің төрағасы қол қойған мүшелік кітапшаны немесе төраға куәландырған құжат болуы тиіс. Қаладағы қозғалысты шектеуіміз қажет. Саяжайдың сылтауымен азаматтар қалада мақсатсыз жүруі мүмкін. СонДықтан осындай шектеу қабылданды, – деді Абат Абайұлы.
Бұған дейін 65 жастан асқандардың қозғалысына тыйым салынған болатын. Ал саяжайларда бақша егушілердің басым бөлігі егде жастағылар екенін ескере отырып, олардың бау-бақша серіктестіктеріне баруларына рұқсат берілді.
Саяжай аумағында бір отбасы болып табылмайтын адамдардың жиналып, көпшілік іс-шаралар өткізуіне болмайды. Жерді қопсыту жұмыстарын қоспағанда жалдамалы жұмысшыларды тартуға тыйым салынып отыр. Оны жергілікті полиция қызметінің атты взводы, әкімдік жанынан құрылған мониторингтік топ қадағалауға алатын болады.
Қалада саяжай бағыттарына жүретін 10 маршрут бар. Олар 29 сәуірден бастап желіге шығады. Таңертең сағат 6.00 мен 9.00 аралығында саяжайларға баратын болса, кешкі 17.00 мен 20.00 аралығында кері қайтады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу