БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 13 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айутынша, олардың бәрі «сырттан» келген азаматтар.

Коронавирус инфекциясы табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясының Саратов және Мәскеу қалаларында жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының азаматтары. Олардың алтауы Батыс Қазақстан облысының, бесеуі Алматы облысының, екеуі Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар Тасқала ауданындағы карантиндік стационарларға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 13 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Ең жасы – 19-да, үлкені 49 жаста.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 26 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған 116 адам анықталды. Алты науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 110 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
25 азамат провизорлық, 89 адам карантиндік, 1450 адам үйде оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу