БҚО ӘКІМІ БАСШЫЛАРҒА ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕМҚОРЛЫҒЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІП, НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ
24 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша онлайн кеңес өтті. Оған БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, Орал қаласы және аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары қатысты.


Шара барысында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатын жағдайларды жою, соның ішінде жер комиссиялары отырыстарының ашықтығы және «Жер ресурстары геопорталын» жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бюджеттік мекемелер басшыларын ротациялау және орталықтандырылған бухгалтерия, аудандық әкімдіктерде фронт-офистар (сервистік әкімдіктер) ашу, «OPEN SPACE» қағидаты және аудандардағы мектептерде «Е-асхана» автоматтандырылған жүйесін енгізу сұрақтары көтерілді.
Аталған бастамаларды жүзеге асыру мемлекеттік органдардың ашықтығын және мемлекеттік аппаратқа азаматтардың сенімін арттырады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.
Бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығы аталып өтілді.
«Барлығына белгілі, бұл институт Елбасының бастамасымен, Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылған. Дербес жауаптылық нормасы – жүйелік сыбайлас жемқорлықты жоюдағы тиімді әдіс болып табылады. Ал дербес жауапкершілік нормасының енгізілуі, сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік беріп қоймай, оны түбірімен жоюға көмектеседі. Бұл ретте, Шыңғырлау ауданының экс әкімі Тұрмағамбетовтің өз еркімен қызметтен кеткенін атап өткен жөн» – деді БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев.
Жаңа Заңға сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.
Егер саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық басқа басшыларына тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда алдыңғыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған заңда басшыларға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының алдын алу міндеті енгізілген. Бұл міндеттің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы басшының тәртіптік жауапкершілігіне әкеліп соғады.
Жиын барысында Департамент басшысы Р.С.Ақмырзаев: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Осыған байланысты, жемқорлықты жою бойынша Агенттікпен ауқымды шаралар ұйымдастырылуда» – деді.
Атап айтсақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында Агенттік бастамасымен құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабы, «ADAL KÓMEK» жобасы, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» және басқа жобалар іске асырылуда.
«ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығы мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға себеп болуда. «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты іс-шаралар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Бұл орталықта кез-келген азаматқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруына болады.
Шара соңында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамаларын қолдап, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Кіру
Пікір үстеу