8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2020 1214 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР 100-ГЕ ЖЕТТІ

Бүгін кеште  Батыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Мемлекеттік  комиссияның шұғыл штабы хабарлағандай, коронавирустық инфекция табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын азаматтар. Олардың 5-еуі -Батыс Қазақстан облысының, 2-еуі Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары.

 

Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» және «Сырым» автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  24 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 100 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 98 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»