8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Сәуір 2020 1210 0
Өзек

БҚО-ДАҒЫ КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛҒАН 16 АЗАМАТ РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН

19  сәуір күні Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясымен тіркелген 16 науқастың сегізі – Түркістан облысының, алтауы – БҚО-ның тұрғыдары. Барлығы – Ресей Федерациясында вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын азаматтар. Сондай-ақ, 2 азамат – РФ Саратов қаласынан келген Жамбыл облысының тұрғындары.

16 пациенттің 14-і РФ Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» бекеті, 2-і Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» бекеті арқылы жаяу өткен. Байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде дене қызуының көтерілуі байқалмаған және  денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 16 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  19 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 60 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»