8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2020 1271 0
Өзек

БҚО-ДА ЖЕТІ АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

18 сәуір сағат 21.30-дағы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 7 жағдай тіркелді.

Коронавирустық инфекция табылған 7 азамат та Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олардың ішіндегілердің ең жасы 20 жаста болса, ең үлкені 47 жаста.

Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, жағдайлары қанағаттанарлық

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.18 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияны жұқтырғае 46 адам анықталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»