8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2020 1284 0
Өзек

КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛҒАН ЕКІ НАУҚАС ТА РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адамның тіркелгенін жазған едік.  Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабының мәліметінше, Науқастардың бірі 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының, екіншісі 23 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны.

Екі науқас та Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын бұрын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген. Азаматтар байланыста болған тұлғалар ретінде анықталып, карантиндік стационарда оқшауланған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 2 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта пациенттер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 17 сәуір күнгі  жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 32 адамға жетіп отыр. Екі науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 30-ы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында  ем алуда. Провизорлық стационарда – 148, карантиндік стационарда – 81, үй оқшаулауында – 1396 адам дәрігерлер бақылауында.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
211 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
195 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»