8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Сәуір 2020 1216 0
Өзек

БҚО-ДА «COVID-19» ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН БЕС ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

             БҚО-да  «COVID-19» инфекциясын жұқтырған бес жағдай тіркелді. Бірінші жағдай бойынша, ауру жұқтырған азамат – 30 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Ол коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Екінші жағдай бойынша, коронавирустық инфекция табылған төрт азамат Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын өңір тұрғындары. Бұл  туралы бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

  

       Ресей Федерациясының Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулықтарына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020ж. №32 Қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілген. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен бес пацентте де COVID-19 диагнозы нақтыланыпты. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Күні бүгінгі жағдай бойынша облысымызда коронавирустық жұқпадан екі адам жазылып шықты.

       Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 28 адам, провизорлық стационарда – 50, карантиндік стационарда – 158, үй оқшаулауында – 1396 адам дәрігерлер бақылауында.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»