8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2020 1692 0
Қоғам

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАЗАРЛАРЫ БІР АПТАҒА ЖАБЫЛАДЫ

        Сәуірдің  18-інен бастап көтерме саудамен айналысатын азық-түлік базарлары бір аптаға жабылады. Ал шағын азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан қала тұрғындары көшеге жиі шықпау үшін төрт-бес күндік азық қорларын жинақтап алғаны жөн.  Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев осындай мәлімдеме жасады. Бұл коронавирус жұқпасының аймақта таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған шара.

Облыс әкімдігі жанындағы жедел штабтың шешімімен қабылданған бірқатар шараларға тоқталған Мұхтар Наурызбайұлы басты мақсат – халықтың жүріс-тұрысын шектеу екенін мәлімдеді. Ал екінші деңгейлі банктердің жұмыс кестесіне ғана өзгеріс енгізіледі. Банктер 17 сәуірден бастап уақытша сағат 09.00-16.00 аралығында халыққа қызмет көрсетеді. Демек, банктер арқылы көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тоқтайды деп қорқудың қажеті жоқ. Тек қана жеке тұлғаларға несие беру қызметі уақытша бір аптаға шектеледі.

– Өкінішке орай, еліміз бойынша жұқпалы індетке байланысты жаңа жағдайлар көптеп тіркелуде. Банкке не базарға барамын деген желеумен азаматтардың себепсіз көшеде жүруі көбеюде. Сондықтан осындай қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз, – деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары. Сондай-ақ брифингте төтенше жағдай кезінде шектеу шараларына тоқталған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарды карантин кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында сауда орталықтары, заңды тіркелген такси тасымалы өз жұмысын әдеттегідей жалғастыратынын жеткізді. – Ең бастысы, жұмысын тоқтатқан мекемелер мен ғимараттардың күзет қызметтерін ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар карантин кезіндегі ережелерді сақтауы тиіс. Жұмысын уақытша тоқтататын мекемелерге арнайы хабарламалар жолданады, – деген қала басшысы осы кезеңде, 16-24 сәуір аралығында қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтайтынын қаперге салды. Осыған орай жұмыс жасайтын мекемелер  барлық талаптарды сақтай отырып,  өз қызметкерлерінің жұмысқа барып-келуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынбақ. Stopcovid.kz сайтына тіркелу де жалғаса бермек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»