БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ АЛТЫ АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгінгі, 15 сәуір күнгі мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам анықталды.

Оның төртеуі Батыс Қазақстан облысының, екеуі Ақтөбе облысының тұрғыны.
БҚО бас мемлекеттік санитар-дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың мәліметінше, бірінші жағдайда науқас 8 сәуір күні Ресей Федерациясынан келген. Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» бекетінде СКП қызметкерлері сауалнама толтыру, байланыссыз термометриямен тексеру кезінде ешқандай шағымы болған жоқ. Келген сәттен бастап үй карантинінде, қоңырау шалу арқылы медицина қызметкерінің бақылауында болған. 2020 жылдың 13 сәуірінде дене қызуының жоғарылауына байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Екінші пациент бірінші науқаспен бірге тұруы, сондай-ақ дене қызуының көтерілуі себепті, жақын байланыс ретінде тіркелді. Яғни, екеуі бір үйдің тұрғындары.
Соңғы 4 жағдай бойынша анықталған науқастар – Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар. 13 сәуір күні Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» бекетінде СКП қызметкерлерімен сауалнама толтырылып, байланыссыз термометриямен тексерілген. Шағымдары болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін жедел жәрдем көлігі шақыртылып, карантиндік стационарға жатқызылды. Лабороториялық зерттеу үшін сынама алынған.
Алты азаматтың да ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бүгін шығып, 6 пациенттен де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта пациенттер инфекциялық стационарға жатқызылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Бүгінгі күнгі жалпы жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 18 адамға жетті. Олардың біреуі аурудан сауығуына байланысты үйге шығарылған. 17 науқас емханада ем алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу