8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Сәуір 2020 2049 0
Қалалықтар қаперіне

STOPCOVID.KZ АРҚЫЛЫ 7 МЫҢНАН АСА МЕКЕМЕДЕН СҰРАНЫС ТҮСТІ

Оралда Stopcovid.kz сайты арқылы бес күн ішінде 7338 ұйым карантин кезінде жұмыстарын жалғастыруға  өтініш білдірген.  

31 наурыздан бастап облыс аумағында күшейтілген карантиндік режим енгізілді. БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігренің қаулысына сай тұрғындардың тіршілігі үшін аса маңызды салаларға ғана қызметтерін жалғастыруға рұқсат берілді. Дегенмен, ол ұйым-мекеме басшылары қызметкерлеріне рұқсат қағаздарын беруі тиіс болған. Қағаз жүзіндегі рұқсат құжаттарныыу мерзімі 10  сәуірде аяқталды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы жедел штабының шешімімен тұрғындарымызға толық ақпарат беретін, карантин кезінде орындалуы тиіс тәртіп пен нұқсаулықтар, тұрғындарымыз ең қажетті функцияларды жүзеге асыратын www.stopcovid.kz веб-сайты іске қосылды. Бұл бірыңғай жүйелі электронды база арқылы қызмет аясы шектелген кәсіпорындардың өтініштері тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсат ала алады және қажетті мәліметтер базасы блок-бекеттерге беріледі.

– Бұл сайтты іске қосу арқылы біз көптеген кәсіпорындардың өз таныстары мен туыстарына анықтама алып беру сияқты заңсыздықтардың жолына тосқауыл қоя алдық. Қазіргі таңда Stopcovid.kz сайтына 8 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 7 338 ұйым мен кәсіпорыннан сұраныс келіп түсті. Солардың ішінде 1 732 өтініш мақұлданды, 3 647 өтініш  қарастырылып жатыр. 1 959 өтініштен бас тартылды. Бұл өтініштер салалық басқармалар арқылы жіті зерделеніп қорытындылар берілуде, – деді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»